Accessibility links

Ауғанстанда 70 млн. доллардың есірткісі тәркіленді


Осы айдың ішінде Ауғанстанның оңтүстігінде британ әскері мен ауған армиясының тәліптерге қарсы операциясының барысында миллиондаған долларға тартатын есірткі тәркіленді.
Британ қорғаныс министрлігі хабарлағандай, британ әскері мен ауған армиясы Талибан қозғалысының бекінісіне айналған Гильменд облысындағы Сангин жазығында орналасқан 4 есірткі фабригін талқандады.
Шенеунектердің мәлімдеуінше, апиынмен қатар, егер Еуропаның көшелерінде сатылатын болса, жалпы құны 70 млн. долларға жететін героин шығаруға болатын химикатар мен басқа да заттар тәркіленді. Операция барысында 20 тәліптің көзі жойылды. 6-11 ақпан аралығындағы осы операцияға 700-ден астам британ және ауған жауынгері қатысты.
XS
SM
MD
LG