Сәрсенбі күні Әзірбайжанда конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша өтетін референдумның үгіт-насихат науқаны басталды. Науқанға Орталық сайлау комиссиясында тіркелген 9 үгіт-насихат тобы қатысуда. Олардың жетеуі Ата заңға енгізілетін 40-тан астам түзету мен өзгерісті қолдайды, ал оппозициялық күштер құрған “Қарабақ және республика үшін”, “Республикалықтар” топтары конституцияға түзетулер енгізуге қарсы.
Әзірбайжанның оппозициясы бір тұлғаның ешбір шектеусіз президент болып сайлана беруіне мүмкіндік беретін түзетулер енгізуге түбегейлі қарсы. “Мусават” партиясының серкесі Иса Гамбар мәлімдегендей, конституциялық өзгерістерді қабылдау - Әзірбайжанды диктаторлық саяси режимдер үстемдік еткен Африка елдерінің қатарына қосады.