Accessibility links

Германия үкіметі банкротқа жақындаған банкті құтқармақшы


Германия үкіметі банкротқа ұшырау қаупі төнген банктерді мемлекеттің сатып алуына мүмкіндік беретін заңды мақұлдады. Жоба бойынша бұл заң жарты жыл ғана күшінде болады. Қаржы министрі Пер Штайнбрюк мәлімдегендей, бұл заң үкіметтен берілген қаржылай көмекке қарамастан қиындыққа тап болған Мюнхен қаласындағы ипотекалық Hypo Real Estate банкін құтқару үшін ғана қолданылады.
Аталған заң Германия парламенті – Бундестаг мақұлдаған соң ғана күшіне енеді.
XS
SM
MD
LG