Accessibility links

Хамид Карзай: АҚШ-мен арадағы егес аяқталды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай Кабул мен Вашингтон арасындағы коалиция күштерінің әрекеті нәтижесінде көптеген бейбіт тұрғындарды құрбан еткен егестің біткенін мәлімдеді.

Махтер-Дам қаласында сөз сөйлеген Ауғанстан басшысы бұдан былай барлық әскери коалиция күштерінің операциялары ауған әскерімен келісілетіндігін айтты.

Хамид Карзай бұл туралы Ауғанстанға тағы 17 мың әскер жіберуді хабарлаған АҚШ президенті Барак Обамамен телефонмен сөйлескеннен кейін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG