Accessibility links

Ресей Шығыс Қазақстан тұрғындарына өтемақы берді


Ресейдің Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш орталығы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Тақыр ауылының тұрғындарына ғарыш зымырандарын ұшыру барысында құлаған қалдықтардан тартқан зардаптары үшін өтемақы төледі, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Өткен жылдың жазында аудан тұрғындары тартқан зардаптарын қоғамдық тыңдау алдында мәселе етіп көтерген еді, соған байланысты «Инфракос-Экос» қазақстандық фирмасы аудандағы экологиялық ахуалды бақылаған.

Келтірілген шығын мен зардапқа байланысты Тақыр тұрғындарына мектеп, клуб пен су құбырын жөндеп беруге міндеттеме алған Ресей әрбір тұрғынға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 АЕК — 1273 теңге) өтемақы төледі.
XS
SM
MD
LG