Accessibility links

В.Семенов: Олимпиада чемпионы ауруханадан шығуы мүмкін


Денесіндегі кесілген жарақаттарымен ауруханаға түсіп, стационарлық емдеуде жатқан Бейжің олимпиадасының чемпионы, ауыр атлет Илья Ильин жұма күні ауруханадан шығуы мүмкін, — деді № 4 қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Владимир Семенов.

«Ол ауруханаға әкелінгенде жарақаты орташа дәрежелі болатын, дереу алғашқы хирургиялық тазалау жасадық, қазір чемпионның жағдайы тұрақталды, қауіп азайды. Емдеу істері хирургия бөлімінің жалпы палатасында жасалуда», — деп нақтылады дәрігер.

Мұның арасында құқық қорғау органдарындағы атын атамаған дерек көздері досының үйлену тойында жүрген И.Ильинге ресторанда пышақ сұғылғанын айтса, бұл тойда болғандардың кейбірі спортшының рестораннан шыға берісте сынған бөтелкеге тайып құлап жараланғанын растайды.

Ал олимпиада чемпионының өзі бұл жағдайды жария қылудың қажеті жоқ деп есептейді.
XS
SM
MD
LG