Accessibility links

Обама бүгін Канадаға барды


Бұл-Барак Обаманың АҚШ президенті қызметінде шетелге жасап отырған алғашқы сапары. Сапар кезінде қос ел арасындағы сауда байланыстары мен әлемдік экономикалық дағдарыс және Ауған соғысы мәселелері талқылануда. Ауғанстанда Канаданың 2750 әскериі тұр. Обама сондай-ақ Канада үкімет басшысы Стефен Харпермен сөйлесулер өткізіп, бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді деп жоспарланған.

Ол сонымен бірге, осы 6 сағаттық сапары кезінде оппозициядағы Либералдар басшысы Михаэл Игнатиефпен де кездеспекші.
XS
SM
MD
LG