Accessibility links

Тәжікстан Ауғанстанға зат тасымалдауға жол ашады


АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Тәжікстан өз аумағы арқылы Ауғанстандағы НАТО күштеріне қажетті әскери емес заттарды тасымалдауға келісіп отыр.
Құрама Штаттардың контр адмиралы Марк Харнитчектің айтуынша, бүгін тәжік теледидары ресми Душанбенің Ауғанстанға керекті әскери емес жабдықтарды тасу үшін НАТО-ға теміржол мен басқа да жолдарын пайдалануға рұхсат бергенін хабарлаған.
Қырғызстан өз жеріндегі АҚШ әуебазасын жабатындығын айтқан соң, Вашингтон Ауғанстандағы күштеріне қажетті заттар тасымалдайтын түрлі жолдарды қарастырған.
Құрама Штаттар сондай-ақ Өзбекстан да өз жері арқылы Ауғанстанға әскери емес жүктер тасуға келісті деді.
XS
SM
MD
LG