Accessibility links

Медведев елдегі дағдарысқа қарсы әрекет әлсіз деп сын айтты


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев елдегі күшейіп бара жатқан экономикалық дағдарысқа қарсы шаралар мардымсыз болып жатыр деп ресмилерді сынады.
Үкімет мүшелерімен Иркутск қаласындағы кездесуінде Медведев дағдарысты реттеу жөніндегі Ресей ресмилерінің іс-шаралары көңілге қонбайды деді. Ол стратегиялық қаржы жобаларын жүзеге асыруда ел экономикасын тығырықтан шығаруға басты бағыттағы мақсат болып қалады деп айтты.
Осы жылы Ресей экономикасы соңғы он жыл ішінде бірінші рет тұралап отыр, елдегі жұмыссыздық та күшейіп барады.
XS
SM
MD
LG