Accessibility links

Пәкістанда жанкештілік шабуылдан 25 адам қаза болды


Пәкістан полициясының хабарлауынша, елдегі қайтыс болған шиит жетекшісін жерлеу рәсімі кезінде бір жанкешті өзін жарып жіберіп, шабуылдан 25 адам қаза болып, бірнеше адам жараланды. Шабуыл елдің солтүстік батысындағы Дера Исмаил Ханда болды.
Бұл аймақ сүннит пен шиит топтары арасында діни жікшілдік күшейіп тұрған өңір. Бұл жер сондай-ақ талибан мен әл-Қаида жауынгерлері жайлаған тайпалық аймақ.
XS
SM
MD
LG