Құрама Штаттар Польша мен Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспары әлі де талқылауды қажет етеді деп айтты. Бұл туралы Краковтағы НАТО жиынына барған АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс польшалық әріптесімен кездесуде мәлімдеді. Гейтстің айтуынша, Обама әкімшілігі экономикалық дағдарысқа байланысты Ауғанстан мен Ираққа қатысты көптеген саясатын қайта қарап жатыр. Сонымен қоса, АҚШ қорғаныс хатшысы Иран әлі де зымыран қаупін төндіріп тұрғанын айтқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?