Бүгін НАТО қорғаныс министрлері солтүстік альянсты реформалау мәселесін талқылайды. Бұл мәселе Польшаның Краков қаласында өтіп жатқан жиынның ақырғы күнінде қаралмақшы. НАТО министрлері сонымен қатар одаққа мүшелікке өтуді көздеп жүрген украиналық және грузиялық әріптестерімен келіссөз өткізеді. Бейсенбі күні басталған НАТО-ға мүше 26 елдің қорғаныс министрлерінің кездесуі негізінен Ауғанстандағы соғысқа арналған.