Accessibility links

Клинтон сапарын Қытайға жалғастырды


Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қытай жетекшілерімен келіссөз өткізу үшін Бейжіңге барды. Клинтон ханым онда ғаламдық экономикалық дағдарыс, климаттың жылынуы және қауіпсіздік мәселелерін талқылайтын болады. Мемлекеттік хатшы Қытайға Сеулден кейін барып отыр. Солтүстік Кореядағы сапарында Хиллари Клинтон Пхеньян Сеулмен келіссөз өткізбесе, Солтүстік Кореямен байланыстар жақсармайды деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG