Бүгін Алматы қаласында оппозициядағы “Азат”партиясы премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған үкіметтің кетуін талап еткен саяси митингі өткізді. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, рұқсат берілмеген наразылық шарасына 300-дей адам жиналды. Митингіде сөйлегендер елдегі ауыр дағдарыс Батыстың ұйымдастырған әрекеті емес, шенеунектердің қол қусырып отыруы мен жемқорлығының салдары деп мәлімдеді. Оның барысында бір партиялы парламентті тарату және айлық жалақы, зейнетақы және стипендия мөлшерін ұлғайтуды талап еткен қарар қабылданды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?