Accessibility links

Қазақстан үкіметі астық сатып алуға 11.2 млрд. теңге ақша бөлді


Қазақстан үкіметінің 2009 жылдың 10 ақпандағы қаулысына сәйкес, республикалық бюджеттен 2009 жылы жиналатын астықтан мемлекеттік қорға астық сатып алуға 11 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаулыда көктем мен жазда жұмсалмаған қаржыны күзде астық сатып алуға жұмсау керектігі айтылады.
Үкіметтің осы қаулысынның орындалуын бақылау ауылшаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаевқа жүктеледі.
XS
SM
MD
LG