Accessibility links

Нэнси Пелоузи Кабулда Х.Қарзай мен келіссөз өткізеді


АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелоузи бүгін Кабулда Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кездесуге тиіс. Оның қарсаңында АҚШ армиясының ресми өкілі хабарлағандай, Пелоузи ханым ауған басшыларымен және коалициялық күштердің басшылығымен келіссөз өткізу үшін Кабулға жұма күні ұшып келді.
Ал АҚШ президенті Барак Обама осы аптада Ауғанстанға 17 мың жауынгерден тұратын қосымша әскерді жіберетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG