НАТО-ға мүше елдер мемлекеттің мүмкіндігін қатты әлсіреткен экономикалық дағдарысқа қарамастан Украинаны қарулы күштерінің реформасын жалғастыра беруге шақырады. Польшаның Краков қаласында өтіп жатқан “НАТО-Украина” комиссиясының отырысында АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс осындай мәлімдеме жасады. Өз кезегінде Украинаның қорғаныс министрі Юрий Ехануров жаңа мүшелерді қабылдауға НАТО-ның ашық болуы ресми Киев үшін өте маңызды екенін атап көрсетті. Бейсенбі және жұма күндері НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кезекті мәжілісі болып өтті. Оның барысында талданған ең маңызды мәселенің бірі – Ауғанстандағы саяси-әскери мәселелерді шешуге бағытталған бірлескен іс-қимылды еселеу болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Советті сынау, түрме, эмиграция, Азаттық. Махмет Құлмағамбеттің соңғы сұхбаты
-
Тұңғыш президент күні
Назарбаевта не қалды? Экс-президенттің билігі мен байлығы
-
Көрсетілмейтін дерек
Қазақстанда күштік құрылымдардың шығыны қанша?