Accessibility links

Аустралияда орман-тоғайдың өрті құрбандарын аза тұтуда


Жексенбі күні Аустралияда Виктория штатындағы орман-тоғайдың өртенуінен қаза тапқандарды аза тұтты. Бүкіл елде осы рәсім қоңырау шалудан басталды.
Соңғы мәліметке қарағанда, құрбандардың саны 200-ден асты. Осы жолғы орман-тоғайдың өртін ел тарихындағы ең ірі өрт деп атап отыр. Аза тұту рәсімінде Аустралия премьер-министрі Кэвин Радд халыққа өртеніп кеткен баспана-үйлерін қалпына келтіруге көмек көрсетуге уәде берді.
Аустралияның оңтүстігіндегі өрт 7 ақпанда бұрын-соңды болмағандай кең жайылды. Өрт үйінділерін қопару әлі жалғасуда. Баспанасынан айрылған халықтың көпшілігі тұрған жерлеріне орала алмай жүр.
XS
SM
MD
LG