Дағыстанда содырлардың ізін кесу мақсатындағы арнайы операция аяқталды. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің аймақтық басқармасының хабарлауынша, жексенбінің таңында Спецназ бөлімі күдіктілер паналаған Энгельс көшесіндегі үйге басып кірді. 1 содыр оққа ұшып, оның жанында болған әйел ұсталды. Оның алдында Махачкала қаласының шетінде қарулы топ жойылды - 1 содырдың көзі жойылып, үшеуі қолға түсті.
Чайковский көшесінде тағы үш содыр байқалып, олар атыста оққа ұшты. Құқық сақшыларының ішінде адам шығыны болмаған тәрізді.
Чайковский көшесінде тағы үш содыр байқалып, олар атыста оққа ұшты. Құқық сақшыларының ішінде адам шығыны болмаған тәрізді.