Accessibility links

Ресейдің Таулы Алтайы заңсыз аңшылыққа қарсы


Ресейдің Алтай Республикасының астанасы - Горно-Алтайск қаласындағы қарақшылық аңшылыққа қарсы наразылық митингісіне 500-дей адам жиналып, олар аң аулауға 5 жыл тыйым салып, заңсыз аң аулаған барлық жайтты тергеуді талап етті.
Митингіде “Заң алдында барша жұрт бірдей!”, “Билік ішіндегі паразиттер құрысын!” -деген үндеулер көтерілді.
9 қаңтарда Алтай тауында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, одан 7 адам, оның ішінде Ресей президентінің Мемлекеттік думадағы ресми өкілі Александр Косопкин қаза тапты. Бір мәліметке қарағанда, оның жолаушылары Қызыл кітапқа ілінген тау жануарын атып алу үшін ұшып шыққан көрінеді.
Митингінің қарары Ресей басшылығына, ЮНЕСКО мен жабайы табиғаттың дүниежүзілік қорына жіберіледі.
XS
SM
MD
LG