Accessibility links

Пәкістанның Суат жазығында тәліптер кісі ұрлады


Талибан содырлары Пәкістанның солтүстік-батысындағы Суат жазығында әкімшілік биліктің басшысы мен оның 6 оққағарын ұрлап алып кетті. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, тәліптер Хушал Ханды автокөлігімен Суат жазығының ең басты қаласы – Мингораға қарай келе жатқан сәтінде қолға түсірген. Талибан қозғалысының Суат жазығындағы өкілі Мүсілім Хан кісі ұрлаған жайтты өз жауапкершілігіне алды. Оның мәлімдеуінше, тәліптер Хушал Ханмен бірқатар мәселені талдауға тиіс. “Біз оған шай береміз де, босатамыз”, -деп мәлімдеді Талибан өкілі.
16 ақпан күні Пәкістан үкіметі тәліптермен Суат жазығында шариғат тәртібін орнату туралы уағдаластыққа келді. Қазір аталған жазықта тәліптерді басып-жаншуға тырысқан Пәкістанның қарулы күштері мен Талибан өзара бітімге келді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG