Accessibility links

С. Мыңбаев: Мұнай өнімдерінің айналысын реттеу қажет


Ағымдағы жылы заң жобасын енгізу арқылы ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің айналысын реттеу қажет, — деді бүгін өткен үкімет сағатында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев.

«Заң жобасының негізгі идеясы — ішкі жанар-жағармай нарығын әлемдік бағадан төмен және ішкі және сыртқы нарыққа тасымалдау бойынша салық салудың әртүрлі деңгейін ұсынатын жаңа Салық кодексіне сай толық қамтамасыз ету. Бұл оңай емес, мұнай өнімдерінің жартысынан көбі шикі мұнайды қайта өңдеуге тасымалдау жолымен Ресейден келеді, негізгі қиыншылық осында және осыған байланысты біз сыртқы бағадан тәуелсіз бола алмаймыз», — деді министр.

Сондай-ақ ол бұл мәселені түбегейлі шешу үшін инфрақұрылымдық құбыр желісі мен жеке қайта өңдеу құрылғыларын иемдену қажеттігін айтты.
XS
SM
MD
LG