Accessibility links

«Алға, Азаттық!» баспанаға азаттық сұрайды


Бүгін «Алға, Азаттық!» қоғамдық бірлестігі, төрағасы Жасарал Қуанышәлин, заңгер Бұлжанов Жиенбек, құрылтайшысы Келешек Балмағамбетовтер баспасөз мәслихатын өткізіп, Алматы қаласының Алатау ауданының тұрғындарына өз баспаналары орналасқан жерді жалға алу туралы ұсынысқа қарсылықтарын білдірді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, «Алға, Азаттық!» қоғамдық бірлестігі өзінің бұдан бұрын да мәлімдеген төмендегі үзілді-кесілді талаптарын тағы бір еске салды:

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы оларға ҚР Конституция бойынша тиесілі жер учаскесі мен баспанамен қамтамасыз етілсін.

Алатау ауданының әр тұрғынына олардың жер учаскелері мен үйлеріне жеке меншік құқығын белгілейтін құжаттар сөзсіз берілсін.

Алатау ауданының әкімдігі «қызыл сызық» бойында орналасқан жер учаскелері мен үйлердің иелерінің әрқайсысымен оларды көшіру қажет болған жағдайда толыққанды өтемақы төленетіндігі немесе тиісті баспанамен қамтамасыз етілетіндігі жөнінде кепілдік беретін келісім-шарт жасасын.

Сондай-ақ, «Алға, Азаттық!» өкілдерінің айтуынша, өз жерін өзіне жалға беру туралы биліктің ұсынысына Алатау ауданының әкімі Б.Мәнізоров пен «Шаңырақ» РҚБ –нің төрағасы А.Қожахметовтер дем беріп отыр.
XS
SM
MD
LG