Accessibility links

ЕуроОдақ бұрынғы советтік көршілермен байланысты нығайтпақшы


ЕуроОдақ Сыртқы істер бойынша өкілі Бенита Ферреро-Валднер ханым одаққа мүше елдер бұрынғы советтік көршілермен байланысты нығайту туралы жоспарды наурыздың 19-20-да болатын саммитте қолдайды деп сенеді. Валднер бұл пікірлерін ЕуроОдақ сыртқы істер министрлерінің Брюсселдегі кездесуі барысында білдірді.

Грузия-Ресей тамыз жанжалы мен Украина-Ресей газ жанжалынан кейін бұл жоспардың маңызы арта түсті деді Валднер.

Ол елдердегі тұрақтылық пен көркеюді қолдау үшін бөлінетін 350 миллион евроның 250 миллионы қазірдің өзінде Украина, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Молдова елдеріне бөлінген.
XS
SM
MD
LG