Accessibility links

Мәжіліс интернетті бақылау мәселесін әлі қарастыруда


ҚР Парламентінің мәжілісінде «Ақпараттық-коммуникациялық жүйесі мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жұмыс тобының отырысы өтті.

Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысқан отырыста талқыға салынған заң жобасы заңның «Ақпараттандыру туралы» тармағындағы «веб-сайт» ұғымын «Интернет-ресурсқа» ауыстыруды қарастырады.

Заң жобасын қабылдау ақпараттық-коммуникациялық жүйедегі мәліметтер беру процесінде бақылау принциптерін сапалық өзгертуге алып келеді. Аталған заң жобасы шетелдік және отандық интернет-ресурстарына орналастырылатын ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз етеді. Бұл заңға түзету енгізу ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік техникалық қызметтің де біліктілігін көрсетеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG