Accessibility links

Азияда да құнды қағаздар мен мұнай бағасы құлады


АҚШ базарындағы құлдыраулардан кейін Азиядағы қор биржалары мен мұнай бағасы бірден құлады. Жапонияның қор биржалары бүгін 2,5 пайызға төмендеп, 1982 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті.
Мұнай бағасы да қатты құлдырап, Сингапурда бір баррель шикі мұнай құны 38 доллар болып қалды.
Дүйсенбі күні АҚШ-тың қор биржаларындағы саудада құнды қағаздар соңғы 12 жылда бірінше рет ең төменгі деңгейге түсті. Доу Джоунс орташа көрсеткіштері 3,4 процентке құласа, Стэндард энд Пурс көрсеткіштері де 3,5 пайызға төмендеді.
XS
SM
MD
LG