Accessibility links

Құқық қорғаушылар Өзбекстанда мыңдаған адам саяси қуғын көрді дейді


Өзбекстанда өткен жылдары мыңдаған адам саяси қудалаудың құрбаны болды. Ресейдің Мемориал адам құқын қорғаушы топтың айтуынша, олардың 293 беттік баяндамасында 2004-2008 жылдары саяси қуғын-сүргін көрген өзбекстандықтар туралы сөз болады. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, Өзбекстанда 4 жыл барысында 1452 адам оның 30-ы құқық қорғаушы белсенді, 14-і демократияшыл оппозиция өкілдері, 18 журналист пен жазушы және 20-дан аса адам экстремист деген желеумен саяси қудалаудың құрбаны болды.
Бұл адам құқын қорғаушы топ саяси қуғын көргендердің тізімін наурыз айында жарияламақшы.
Мемориал тобы Өбекстандағы саяси тұрғыда қудалауға тап болғандардың тізімін 1999 жылдан бері жасап келеді. Бүгінгі таңда олардың есебіндегі саяси құрбандардың саны 6 мыңнан асып кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG