Accessibility links

Жапония жетекшісі Вашингтонда Обамамен кездеседі


Жапония премьер министрі Таро Асо АҚШ президенті Барак Обамамен келіссөз өткізу үшін Вашингтонға барды. Асо қаңтардың 20-сында билікке келген Обамамен Ақ үйде кездесетін бірінші шетелдік болып отыр. Екі елдің жетекшісі АҚШ пен Жапония экономикасын дағдарыстан құтқару амалдарын талқылайтын болады. Обама мен Асо сонымен қатар Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіру жолдарын талқылайды деп күтілуде.
Жапония Құрама Штаттардың Азиядағы жетекші одастастарының бірі болып отыр.
XS
SM
MD
LG