Accessibility links

ТМД сарапшылары жеңілдіктер мен кепілдіктер жобасын қарастырмақ


Бүгін Минск қаласында ТМД Атқару комитеті мемлекетаралық жұмыс тобының жиыны басталады. Екі күндік жиынның мақсаты — Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға, қаза тапқан әскерилердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара мойындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманың жобасын толықтыра дәйектеу.

Жеңілдіктер мен кепілдіктер жобасы ТМД-ға қатысушы барлық мемлекеттер қол қойған ардагерлерді әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған келісім шеңберінде жүзеге асырылмақ.

XS
SM
MD
LG