Accessibility links

Обама АҚШ экономикасын көтеруге сөз берді


АҚШ президенті Барак Обама Конгрестің бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде ел экономикасын дағдарыстан шығаруға сөз берді. Қаңтар айының 20-да билікке келгеннен бері американдық заңшығарушыларға ресми түрде қайрылған Обама өз әкімшілігі әлеммен “міндеттемелердің жаңа дәуірі” деген саясат бастағанын жариялады.
Обама Ирақтағы соғысты жауапкершілікпен аяқтап, Ауғанстан мен Пәкістан аймағындағы әл-Қаида террористерімен және экстремизммен күресте жаңа стратегияны дамытатынын айтты.
АҚШ президенті сондай-ақ қаржы дағдарысы Құрама Штаттарды әлсіреткенін, бірақ бұл қиындықтардан ел экономикасын құтқару шаралары жолға қойылғанын айта келе, енді Америка бұрынғыдан да мықты болады деп сендірді.
XS
SM
MD
LG