Үндістан прокурорлары Мумбай шабуылына байланысты айыпталушы Мохаммед Ажмал Касабқа 12 қылмыс бойынша айып тақты. Егер оның кінәсі дәлелденетін болса, оны өлім жазасы күтіп тұр.
Қараша айындағы Мумбайдағы шабуыл 170 адамның өмірін қиған болатын. Үндістан ол шабуылдарға Пәкістанның барлау қызметімен байланысты делінген пәкістандық содырларды айыптаған. Пәкістан бұл шабуылдың біразы өз жерінде ұйымдастырылғанын мойындаған, бірақ оған ресми тараптың қатысы бар дегенді жоққа шығарған.
Касабтың соты қашан басталатыны әлі айтылмады.