Accessibility links

Пәкістан АҚШ-нан ұшқышсыз ұшақ сұрауда


Пәкістан АҚШ-нан Ауғанстанмен шекарада жауынгерлерге авиасоққы беру үшін ұшқышсыз ұшақ сұрап отыр.

«Ассошиэйтед Пресс» агенттігіне берген сұхбатында Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши бұл мәселенің Вашингтонда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джеймс Джонспен кездесуде көтерілгенін айтады.

Американдық ұшқышсыз ұшақтар арқылы Пәкістан аумағында жауынгерлерге берілген соққы Исламабадтың қарсылығына ұласқан. Пәкістан Сыртқы істер министрінің айтуынша, Пәкістанға «лайықты технологияның» жеткізілуі елдің экстремистер базасы соққысын өзі бақылауына мүмкіндік береді.
XS
SM
MD
LG