Есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығын құру жөніндегі келісім наурызда күшіне енеді, — деді аталған орталықты құру жөніндегі жобаның аға үйлестірушісі Тофик Муршудли.
Орталық Азия аймағындағы заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттер үйлестіру кеңесінің төрағасы болып ҚР ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды.
Тофик Муршудлидің айтуынша, орталық құру жөніндегі шешімді 2004 жылы Мәскеуде есірткілік және психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз өндірісі, айналымы мен оны тұтынуды қадағалау саласындағы аймақтық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы 1996 жылдың 4 мамырындағы меморандумына қатысушы елдер (Әзербайжан, Қазақстан , Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) қабылдады. 2006 жылы басты құжаттар мақұлданып, қатысушы мемлекеттердің президенттерінің қол қоюына ұсынылды. Орталық Алматыда орналасатын болды.