Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Петропавлда М. Қозыбаев атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстары жоғарғы оқу орындарының халықаралық ғылыми форумы басталады.
Форум жұмысына ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен екі елдің жоғарғы оқу орындарының ректорлары қатысады.
Форумның мақсаты — Қазақстан мен Ресей жоғарғы оқу орындарының арасындағы ғылым, білім мен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Форум аясында екі елдің ЖОО-ы арасында ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қою жоспарлануда. Форумда Қазақстан мен Ресей жоғарғы оқу орындарының жетістіктері жөніндегі көрме ұйымдастырылмақ.