АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ақпанның 26-да Ауған Сыртқы істер министрі Ранжин Дадфар Спанта және Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Құрешимен кездесті. Вашингтонда болған бұл кеңесулер соңында Клинтон ханым осындай үш жақты кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұратындарына уәде берді.
Бұл кездесу президент Обаманың бастауымен жүріп жатқан АҚШ-тың Ауған-Пәкістан аймағындағы саясатын қайта қарау үдерісінің бір бөлігі болатын.
Кездесуге АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы өкілі Ричард Холбрук пен аймақтағы АҚШ күштері қолбасшысы, генерал Дэвид Петреус қатысты.