Accessibility links

Иран Ирақтың дамуына көмектеспекші


Бұл мәлімдемесін Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Ирақ президенті Жалал Талабанимен Теһрандағы кездесуі кезінде жасады. Ирақ президенті Жалал Талабани Иран басшыларымен сөйлесу үшін Техранға барған болатын. Сапар барысында қос көрші ел арасындағы байланыстарды нығайтуға күш салынбақшы. Ол осы сапары кезінде Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен, басқа да ресмилермен кездеспекші. Бұл-өткен 2 жыл ішіндегі Талабанидің Иранға жасап отырған екінші сапары.

Талабанимен бірге Ирақтың энергия, қаржы, үй құрлысы салаларының ресмилері де барды. Талабани бұған дейін Оңтүстік Кореяда болды. Онда ол реми Сеулдің Ираққа инвестиция енгізуіне шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG