Accessibility links

АҚШ офицері ирақтық тұтқынды әдейі өлтірді деп айыпталды


АҚШ-тың Кентуккидегі әскери сот алқасы Америка әскери офицерін ирақтық тұтқынды әдейі өлтірді деп айыптады. Аға лейтенант Майкл Бехенна өткен мамыр айында, тергеу кезінде Әли Мансур Мұхаммедті өлтірген болатын.

Айыпталушы ол тұтқынды әдейі өлтірмедім, өзімді-өзім қорғаған болатынмын деп дауласқан еді.

Алайда прокурорлар қорытынды мәлімдемелерінде Бехенна ол тұтқынды өлтіруді жоспарлы түрде жүзеге асырған деп шешті.

Оқиға Ирақтың Бейжи қаласындағы тұйықталып қалған теміржолы бойында орын алған еді.
XS
SM
MD
LG