Accessibility links

Хариридің өліміне қатысты сот басталды


Ливанның бұрынғы үкімет басшысы Рафик әл-Хариридің өлімі себептерін зерттеуге байланысты БҰҰ-ның арнайы трибуналы наурыздың 1-де, Гаагада өз жұмысын бастады. Осы істі жүргізуші, БҰҰ-ның прокуроры Дэниел Беллемар әл-Арабия телеарнасына, сенбі күні берген сұхбатында Ливан үкіметіннен осы қылмысқа байланысты төрт генералды ұстап берулерін сұрайтынын айтты.

Ол 4 генерал Харири қаза болған 2005 жылы Ливанның сирияшыл қауіпсіздік жасағының қолбасшылары болатын.
XS
SM
MD
LG