Accessibility links

Клинтон Таяу Шығыс пен Еуропада сапарда


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Таяу Шығыс пен Еуропадағы АҚШ одақтастарымен байланысты нығайта түсу мақсатында сапарға аттанды. Ол Мысырда наурыздың 2-сі күні болатын Палестинаға көмек конференциясына қатысады.

Израилдің үш апталық шабуылынан зардап шеккен Газа аймағын қайта қалпына келтіруге көмек ретінде 900 миллион доллар беруге АҚШ осы басқосуда уәде етпекші.

Содан кейін Клинтон ханым Брюсселде болатын НАТО одақтас елдерінің Сыртқы істер министрлерімен және ЕуроОдақ ресмилерімен кездесуге қатысатын болады.

Клинтон Женевада ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездеспекші.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG