Accessibility links

Оппозиционерлерге қатысты сот тыңдауы болады


Бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық сотында оппозиция жетекшілері Болат Әбілов, Асылбек Қожахметов пен Төлен Тоқтасыновтарға қатысты «қылмысты бүркемелеу дерегі бойынша» қылмыстық істің қайта тыңдауы болады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, аталған оппозиция жетекшілері 2001 жылы 18 маусымда Павлодар қаласында «Химпродукт» компаниясының директоры Борис Костановты өлтіруге тапсырыс берген деп күдіктелген Есентай Байсақов пен оның інісі Жұмабайға шетелден саяси баспана беруді сұрап, 2005 жылы жазылған өтініш хатқа қол қойғаны үшін және бұл қылмыстық істі жасырды деп айыпталған болатын.
XS
SM
MD
LG