Accessibility links

Астанада аймақтық денсаулық сақтау саласының қауіпсіздігі талқыланады


Бүгін Астанада АҚШ пен Орталық Азия денсаулық сақтау саласы сарапшыларының семинар-кеңесі басталады.

Аймақтардағы денсаулық сақтау саласының қауіпсіздігі мәселелерін талқылауға арналған төрт күндік кеңеске Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Германия мен Американың денсаулық сатқтау мекемелерінің 40-тан астам азаматтық және әскери мамандары қатысады.

Кеңес барысында табиғи апаттар кезіндегі көмек пен аймақтық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері сөз болмақ. Семинар АҚШ армиясы әскери-медициналық қызметі басқармасының бастығы Джордж К. Маршаллдың бастамасымен ұйымдастырылып отыр.
XS
SM
MD
LG