Accessibility links

Медеу шатқалында ресейлік алты турист хабарсыз кетті


Олар соңғы рет өткен жексенбіде, сағат 23.15 кезінде, Алматы қалалық құтқару қызметінің кезекшілік орталығына мобильдік телефон арқылы байланысқа шығып жәрдем сұраған, деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.

Араларындағы 22 жастағы бір адам аяғын сындырып алғанын айтып үлгерген саяхатшылармен бұдан кейін байланыс үзіліп қалғандықтан олардың дәл қай тұста екенін анықтау мүмкін болмаған. Құтқару қызметіндегілер туристердегі мобильдік телефонның қорегі таусылып қалған деген болжам жасап отыр. Оларды іздестіруге 20 адамнан тұратын жедел-құтқару тобы шұғыл аттанған.

Бұның алдында ғана, өткен бейсенбі күні, Іле Алатауындағы "Ақ бұлақ" демалыс аймағындағы тауда қар көшкіні басып қалып 33 және 23 жастағы екі шаңғышы қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG