Ереванның орталығына жиналған 10 мыңға жуық армяндық оппозицияның жақтастары 2008 жылдың 1 наурызындағы қайғылы жағдайдың бір жылдығын еске алды. Ол кезде демонстранттар мен полицияның қақтығысынан 10 адам өліп, 250 ден астамы жараланған.
Акцияға қатысушылар құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кейбіреулері мерзімінен бұрын сайлау өткізуге және саяси тұтқындарды босатуға шақырған плакттар ұстап шыққан.
Бұрынғы президент , қазіргі оппозиция жетекшісі Левон Тер-Петросян Арменияның қазіргі басшылығының саясатын сынға алып, елдің тек қана экономикалық дағдарыс емес, сондай-ақ рухани апат табалдырығында тұрғанын мәлімдеді.