Accessibility links

НАТО ауған сайлауының ерте өтуіне қарсы


НАТО Ауғанстанның президенттік сайлауы ертерек өткізілсе, ол қауіпсіздік жағдайына әсер етеді деп ескертті. Сенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Қарзай сайлау мамырдың ортасында өтуі тиіс, яғни тамыздың 20-на белгіленген мерзімнен 3 ай уақыт бұрын болуы керек деп атап көрсетті. НАТО баспасөз хатшысы Джэймс Апатурайдың мәлімдеуінше, сайлау мерзімін белгілеу Ауғанстан сайлау комиссиясының шешімі болды. Алайда сайлау тамыз айында өткізілсе, НАТО елді қауіпсіздікпен жақсырақ қамтамасыз ете алатын болады деп атап көрсетті Джэймс Апатурай.

АҚШ Мемлекеттік департаменті де қауіпсіздік жағдайына байланысты Ауғанстандағы сайлаудың тамыз айында өткізілуін қолдап отыр.
XS
SM
MD
LG