Accessibility links

АҚШ үкіметі AIG компаниясына көмектесуде


АҚШ үкіметі тығырыққа тірелген ірі AIG сақтандыру компаниясына қосымша 30 миллиард доллар көлемінде көмек көрсететінін жариялады. Бүгін American International Group компаниясы төртінші тоқсанда шамамен 62 миллиард доллар жоғалтқанын хабарлады. АҚШ үкіметінің аталған компанияға көмектесуі елді экономикалық дағдарыстан шығару мақсатындағы әкімшілік бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Өткен жылы AIG компаниясына үкіметтен 150 миллиард доллар көмек ретінде бөлінген болатын.
XS
SM
MD
LG