Accessibility links

«Казкоммерцбанк» өз акцияларының санын ұлғайтты


Дүйсенбі күні өткен банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы банктің акцияларын 1,275 млн данаға көбейту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ақпарат банктың сайтында жарияланды.

Сөйтіп, банктің қарапайым акцияларының саны 1100 млн дана, ал артықшылыққа ие құнды қағаздарының саны 175 млн дана көлемінде бекітлді.

Банктің ірі акционерлерінің қатарында Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, «Орта Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, «Alnair Capital Holding» АҚ, банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Сұбханбердин бар. Банктің 20%-ға жуық акциясы депозитарлық қолхат ретінде әлемдік қор нарығында айналыста қолдануда.
XS
SM
MD
LG