Астанада 30 маусым күні Жерорта теңізі серіктестері ұйымының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның толеранттылық пен діни сенім еркіндігі жөніндегі семинары өткізіледі. Бұл туралы хабарламаны Венада орналасқан ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты елшілігі таратты.
Хабарламада көрсетілгендей, 27 ақпанда Вена қаласында Қазақстанның төрағалық етуімен ЕҚЫҰ-ның Жерорта теңізі серіктестерімен ынтымақтастығы жөніндегі биылғы жылғы алғашқы отырысы өткен. Бұл ұйымға 56 мемлекетке қоса Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко мен Тунис қатысады.