Accessibility links

Мизинов Мәсімовтің блогына хат жазды


Бүгін Алматыда «Әділ сөз» халықаралық ұйымының президенті Тамара Қалеева, «Zonakz.net» интернет-басылымының бас редакторы Юрий Мизинов және басылым редакторының орынбасары Ғимран Ерғалиевтер баспасөз мәслихатын өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиында желілік терроризм мен «Zonakz.net» сайтына жасалған Ddos шабуылы туралы сөз болды. Аталған ннтернет-басылымның бас редакторы Юрий Мизинов бүгін Қазақстан Республикасының премьер- министрі Кәрім Мәсімовтің блогына хат жазғандығын айтты.

«Хатта біздің сайтқа жасалып жатқан шабуылдарға сіздің қатысыңыз бар ма? — деген сұрақ қойдым. Алайда, әзірге жауап беруді былай қойғанда, менің хатымның өзі Мәсімовтің блогына әлі жарияланған жоқ. Бірақ соңғы уақытта «блогшы» атағын иеленіп жүрген премьерден қандай да бір жауап болатындығына үміттенемін» , — деді Юрий Мизинов.
XS
SM
MD
LG