Accessibility links

Ходорковскийге қарсы жаңа сот басталады


Бүгін түрмеде жабылған Ресейдің мұнай алпауыты Михаил Ходорковскийге тағылған жаңа айыптаулар бойынша сот отырысы өтеді.
Ол 2005 жылы салықтан жалтарып, алаяқтық жасады деп 8 жылға сотталып, жазасын Сібірде өтеп жатқан болатын.
Енді Ходорковскийге ($25 млд) 900 млд рубльді қалтасына басқан және 500 млд рубль лас ақшаны заңдастырып алған деген жаңа айып тағылып отыр. Егер ол айыпты деп табылса тағы 22 жылға сотталуы мүмкін.
Оның қолдаушылары мен Ходорковский бұл соттың саяси астары бар екенін айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG