Accessibility links

Әзірбайжан ішкі істер министрі құқық қорғаушыны сотқа бермейтін болды


Бүгін Әзірбайжан ішкі істер министрі Рамиль Юсубов құқық қорғаушы белсенді Лэйла Юнустың үстінен жазған шағымын қайтарып алды. Юнусқа қарсы министрдің талап-арызы құқық қорғаушы белсенді өзінің таяудағы сұхбатында әзірбайжандық полицияның әдіс-тәсіл, іс-әрекеттерін Нигерия мен Мексика елдеріндегі полициямен салыстырғанына байланысты болып отыр. Бакудің аудандық сотындағы сот процесі жабылды, оған журналистер жіберілмеді.
Құқық қорғаушы белсенді Лэйла Юнус Азаттық радиосына өзінің министрдің шешіміне көңілі толатындығын айта келе, бірақ не себепті отырысқа журналистер жіберілмегенін түсіне алмағанындығын айтты.
XS
SM
MD
LG